Семейде Отбасын қолдау орталығында жаңа оқыту кабинеттері ашылды

Семейде Отбасын қолдау орталығында жаңа оқыту кабинеттері ашылды

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы Отбасын қолдау орталығына барып, оқытуға арналған жаңа кабинеттердің жұмысымен танысты. Орталықта заманауи тігін машиналарымен және жұмыс үстелдерімен жабдықталған тігін дағдыларын үйрету аймағы қарастырылған.

 Сонымен қатар, аспаздық шеберлік сабақтарын өткізуге арналған заманауи асүй аймағы бар. Бұдан бөлек, орталықта сауықтыру қызметтерін көрсетуге арналған арнайы массаж орындары орнатылған. 

Сұлулық индустриясы бағыты бойынша визаж және косметология негіздерін үйретуге арналған жеке кабинет жұмыс істейді. Балалармен келушілер үшін ойынға арналған балалар аймағы ұйымдастырылған. Сондай-ақ, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген жаттығу залы жұмыс істейді. Орталықтың барлық қызметтері қызмет алушыларға тікелей жүгіну арқылы да, сондай-ақ FSM Social цифрлық платформасы арқылы да көрсетіледі.


#Семей, #Адлет Кожанбаев