Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 953 просмотровabaidan.kz

В Семипалатинске отметили День работников ЖКХ

Семейде Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтті

В Семипалатинске отметили День работников ЖКХ

Семей қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қалалық мәдениет сарайында кең көлемде аталып өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі. Мерекелік жиынға көпқабатты үйлердің күтімі мен басқаруына жауапты «ПИК» (Пәтер иелері кооперативі), «МИБ» (мүлік иелері бірлестігі), «ЖС» (Жай серіктестік) жетекшілері және сала ардагерлері шақырылды.

В Семипалатинске отметили День работников ЖКХ

Мерекелік шараға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев арнайы қатысып, сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады. Саланың маңыздылығына тоқталып, қызметкерлердің күнделікті еңбегі – қаланың тазалығы мен жайлылығының кепілі екенін атап өтті. Ол алдағы уақытта да сала мамандарын қолдау шаралары жалғасатынын жеткізді. Сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлеріне Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады. Марапат иелерінің қатарында жылдар бойы адал еңбек етіп, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне үлес қосып жүрген сала мамандары бар.

В Семипалатинске отметили День работников ЖКХ
В Семипалатинске отметили День работников ЖКХ

Бұл салада еңбек ету – үлкен жауапкершілік пен жанашырлықты қажет етеді. Қаланың тазалығы, тұрғын үйлердің жағдайы, инфрақұрылымның тұрақты жұмыс істеуі – осы мамандардың күнделікті тынымсыз еңбегінің нәтижесі, Бұл шара аталмыш салада қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылды,-дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова. 

Қатысушылар өзара пікір алмасып, кәсіби мерекені бірлесіп атап өтуге мүмкіндік алғандары үшін алғыс білдірді.

В Семипалатинске отметили День работников ЖКХ

Мереке соңы қалалық мәдениет сарайы әртістерінің концертіне ұласты. 

В Семипалатинске отметили День работников ЖКХ