Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 1 371 просмотровabaidan.kz

В Семипалатинске жителям подарили новые дворы

В Семипалатинске жителям подарили новые дворы

Семейде Түріксіб 53, Қостанай 1 Б мекенжайындағы тұрғын үйлердің аулалары абаттандырылып, тұрғындардың қолданысына берілді,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

В Семипалатинске жителям подарили новые дворы

Аулалардың салтанатты ашылуына Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов , қалалық мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Айта кету керек, Аулаларды абаттандыру кезінде жерасты желілері түгелдей ауыстырылылады.

В Семипалатинске жителям подарили новые дворы

Балаларға арналған ойын алаңдары және футбол, баскетбол алаңдары жабдықталады.

“Қаламызда 576 аула бар. Оның тек 7-8%-ы ғана абаттандырылған. Ағымдағы жылы Семей қаласында 70 аула аумағын абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Біз жыл сайын кезең-кезеңімен аулаларды жөндесек, 5 жыл ішінде айтарлықтай жетістікке қол жеткіземіз. Сонымен қатар, аулалардағы жерасты желілерінің де тозығы жеткен. Аулаларды жөндеу кезінде жерасты желілерін жөндеуге баса назар аудардық”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

В Семипалатинске жителям подарили новые дворы

Барлық аулада балақайларға арналып мерекелік концерт ұйымдастырылды. Қала  әкімдігі атынан арнайы аниматорлармен көңілді ойындар ұйымдастырылып, балақайларға тәтті сыйлықтар да таратылды.