Семейде жылу саласының қызметкерлері марапатталды

Семейде жылу саласының қызметкерлері марапатталды

Семей қаласында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының сәтті аяқталуына орай «Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға қала әкімі Әділет Нұрсағатов қатысып, облыс әкімі Берік Уәлидің алғысын жеткізді. Шара барысында қысқы маусымды тұрақты әрі апатсыз өткізуге үлес қосқан мамандардың еңбегі ерекше аталып өтті. Олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігі қаланың жылу жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуіне негіз болды.

Марапаттау рәсімінде бірқатар қызметкерлер жоғары наградаларға ие болды. Атап айтқанда, «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі РК-3 қазандығының машинисі Игорь Куренко мен оң жағалау жылу желілері учаскесінің шебері Айдын Мұхажановқа табысталды. Сонымен қатар облыс әкімінің алғыс хатымен Алексей Ворожко, Маргарита Галанина, Владимир Полозов және Жасболат Саркучиков марапатталды.

Бұдан бөлек, қала әкімінің Құрмет грамотасы Сергей Агеевке, Ержан Ысқақовқа және Ерзат Тайтеновке табысталды. Ал Марат Бөкенбай, Ертай Қоныртаев және Есіл Тұрықпаев алғыс хаттарға ие болды. Жиын соңында қала әкімі марапат иелеріне ризашылығын білдіріп, олардың қаланың инфрақұрылымдық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлін ерекше атап өтті. Мамандардың қажырлы еңбегінің арқасында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымы сәтті аяқталып, тұрғындарға тұрақты әрі сапалы жылу берілді.


#Семей, #отопление, #отопительный сезон