Семей каласындағы аспалы көпір алдағы күндері толықтай жөндеуден өтпек. Бұл тұралы Абай облысының экімі Берік Уәли өңірдің даму барысына арналған жиында мәлімдеді.
«Семей қаласындағы аспалы көпірдің қазіргі жағдайы — тұргындарды алаңдатып отырған маңызды мәселе. Мемлекет басшысы облысқа жасаған сапары барысында бұл нысанды қайта жаңғырту туралы нақты тапсырма берді. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жақын күндері жөндеу жұмыстары басталады», — деді облыс әкімі.
Жөндеу аясында көпірдің ескі жабындысы толық алынып, жаңадан асфальт төселеді. Жумыстар шамамен 20-25 күнде аяқталады.
«Осы уакыт ішінде көлік қозгалысында белгілі бір шектеулер болады. Жол кептелісі туындайды деген қауіп бар. Дегенмен, тұргындар бұл уақытша қолайсыздықтарға тусіністікпен қарайды деп сенемін», — деп атап өтті Берік Уәли.
Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң, Семейдің аспалы көпірі бұрынғыдан да қауіпсіз, заманауи және ұзак мерзімге төзімді болмак,





