Семейдің оң жағалауы сусыз қалды
Апат салдарынан мамырдың 21-і күні Семей қаласының оң жағалауы сусыз қалды, деп хабарлайды abaidan.kz агенттігі.
«Семей су арнасы» мемлекеттік кәсіпорны Қозбағаров 22 мекенжайындағы диаметрі 600мм суағарындағы апаттық жағдайға байланысты сағат кешкі 20:00-ден “Смычка” су қабылдағышы уақытша өшірілетінін және қаланың оң жақ жағалауына уақытша су беру тоқтатылатынын хабарлаған. Семей қалалық әкімдігінің ақпаратша, қазіргі уақытта «Смычка» су қабылдағышы орнындағы апаттық жағдайды жою жұмыстары жүргізілуде. Мамандар ақау орнын анықтады, қазіргі уақытта дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Қалпына келтіру жұмыстары ақау орнына қол жеткізу мен диаметрі 600 мм магистральдық құбырда судың көп болуымен қиындады. Өз кезегінде бұл апаттық жағдайды жою уақытының созылуына себеп болуда. Оқиға орнында «Семей Су Арнасы» МКК 20 адам және 15 техника жұмыс істеді. Судың берілуі қайта қалпына келтіріледі.
#Семей, #Абайская область, #вода