Семейліктер қалаішілік автобустардың нашар жүретіндігіне шағымдануда
Әлеуметтік желілерде семейліктердің таңертеңгі уақытта бағытқа шығатын қоғамдық көліктер санының аздығы туралы ақпараттары таралуда, -деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі. Олар Infobus қосымшасы арқылы түсірген суреттерді жариялап, автобустардың жоқтығын айтуда. Айтуларынша, бағытта 1-2 автобустан ана жүр. Жұмысқа жетулері мұң болғандықтан, такси қызметін пайдалануға мәжбүр болған.
Семей қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің айтуынша, бұл проблема бір күнде туындаған жоқ, сондай-ақ кезең-кезеңмен шешуді талап етеді. Қоғамдық көлік мәселесіне басымдық берілуде. Көлiк бөлiмi қажеттi шаралар қолданады, тасымалдаушылар жауапкершiлiкке тартылады, оларға қатысты әрбiр факт бойынша айыппұлдар салынады.
#Семей, #Абайская область, #автобус