Семейліктер Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл қойды
Семейліктер қала орталығында орналасқан Халық Қаһарманы - Қайрат Рысқұлбековтың ескерткішіне гүл қойып, рухына тағзым етті. Шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат хатшысы, облыстық партия филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, "AMANAT" партиясы Абай облыстық филиалының хатшысы Сейілбек Ысқақов, қоам белсенділері, зиялы қауым өкілдері, желтоқсандықтар мен жастар қатысты.
Жиналғандар бір минуттық үнсіздікте ел Тәуелсіздігі жолында қаза болғандарды құрметпен еске алды. Одан кейін жиналғандар Желтоқсан батыры жерленген бейіт басына барып, Құран бағыштады.