“Шымкент-Семей-Шымкент” бағытындағы жазғы маусымға арналған әуе рейсі ашылды
Жазғы туристік маусымға орай бүгіннен бастап «Шымкент-Семей-Шымкент» бағытында сыйымдылығы 180 орындық «Airbus А320» ұшағы жолаушыларды тасымалдай бастады. Бұл туралы Абай обысының әкімі Берік Уәли өз парақшасында жазды.
Рейсті «Fly Arystan» әуе компаниясы жүзеге асырады. Жолаушылар аптасына 2 рет, дүйсенбі және бейсенбі күндері қатынайтын болады.
Жазғы маусымдық әуе рейсінің ашылуы өңірге туристер тартуға тамаша мүмкіндік. Жолаушылар енді облыстағы республикалық киелі орындар тізіміне енген Қоңыр Әулие үңгірі, «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы, Ырғызбай әулие кесенесі, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік-Кебек» ескерткіштері, Алакөл мен Шошқалы секілді тарихи және табиғи орындарды тамашалау мүмкіндігіне ие болады.
#Семей, #Абайская область, #Аэропорт