Суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет» көрмесі ашылды

Аңсаған Мұстафа Құрманғазықызы 1979 жылы 12 қыркүйекте Атырау облысы, Миялы ауылында дүниеге келген.

1997 жылы Алматы қаласындағы көркемсурет колледжін тәмамдап, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында графикалық дизайн мамандығын меңгерді.

Суретші шығармашылығы әлеуметтік мәселелерге арналған. Оның графикалық стильде салынған туындылары адамдар арасындағы қарым-қатынас, ата-ана мен бала байланысы, жалғыздық, жұмыссыздық, кредитке тәуелділік, цифрлық тәуелділік сияқты өзекті тақырыптарды қозғайды.

Әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бұл жұмыстар әлемнің түрлі тілдеріне аударылып, халықаралық аудиторияның назарын аударды.

2014 жылы Астанада басталған «Сөйле, сурет» көрмесі Қазақстанның барлық қалаларын қамтып, кейін шет елдерде жалғасын тапты. Суретшінің туындылары әлемнің 30-дан астам елінде ұсынылды.

Бүгінгі көрме — суретшінің 200-ші, мерейтойлық көрмесі.

#выставка