«Таскескен – Бахты» жолында  жөндеу аяқталды

«Таскескен – Бахты» жолында жөндеу аяқталды

«Таскескен – Бахты» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 26–31 және 49–63 км аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі “ Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                                Аталған тас жол бөлігі көлік ағыны көп аумақтың бірі. Қытаймен шекарада болғандықтан, әсіресе жүк тасымалы көп. Жұмыстар 2024 жылдың IV тоқсанында басталып, 2025 жылдың III тоқсанында аяқталып, нысан пайдалануға берілді. Аталған учаскеде қалыңдығы 6 см асфальтбетон жабыны төселіп, жол жиегі нығайтылды және жолақтарды сызу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы  «Таскескен – Бахты» автожолының ұзындығы 187 км. Оның ішінде 2006–2015 жылдары 157 км қайта жаңғыртудан өтті, 2021–2022 жылдары 35 км жөнделді. 2024–2025 жылдары 26–31, 49–63 және 184–187 км учаскелерінде жалпы 22 км орташа жөндеу жүргізілді.

-Жол сапасын бақылап отырдық. Асфальт сапасы, құрамы тексеруден өтті. Жол жиектеріндегі жұмыстарды да назарда ұстадық. Техникалық талаптарға сай бірнеше рет зертханалық тексерулер жүргіздік. Табылған ақауларды дер кезінде жоюға мердігер мекемелерге нұсқама беріліп отырды. Нәтиже жаман емес. Биыл жаңғыртудан өткен республикалық, халықаралық трассалар болды. Орташа жөндеу жұмыстары да қарқынды атқарылды. Жұмыс сапасы үнемі біздің мекеменің назарында - дейді “ Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” Абай облыстық филиалының директоры, Мейіржан Бауыржанұлы.


#Абайская область, #дорога, #«Национальный центр качества дорожных активов»