«Таза Қазақстан» – таза саябақтар мен бақтар

«Таза Қазақстан» – таза саябақтар мен бақтар

Үржар ауданында «Таза Қазақстан» акциясы жоғары деңгейде өтуде. Бұл акцияның мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстау, экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды табиғатты аялауға шақыру. Шараға аудан тұрғындары мен еріктілер белсене қатысып, мүмкіндігінше өз үлестерін қосуда. Аталған бағыттағы шаралар қоршаған ортаны жақсартуға ықпал етеді. Аудандық белсенді жас Аяулым Азаматқызы «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуда. Ол аудан тұрғындарын экологиялық мәселелерге назар аударуға және қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосуға шақырды.

Үржар ауданында бірнеше алаңдар мен балалар саябақтарында «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. Акция аясында балалар саябағында тазалық жұмыстары, ағаш отырғызу және сырлау жұмыстары жүргізілуде. Балалар саябағы мен шағын футбол алаңын тазалауға барлығы 70-ке жуық адам жұмылдырылды. Балалар саябағының аумағы 3 гектарды құрайды. Саябақты күтіп-баптау мен тәртіпті сақтауға ауылдық округтің еңбеккерлері жұмылдырылған. Олар күн сайын саябақты тазартады.


#Абайская область, #Урджарский район, #Акция" Таза Қазақстан"