Туған жер - алтын бесік
Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов Абай облысына сапары барысында туған ауылы Шыңқожа ауылында болды. Ауылдағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстарының барысы мен мектептегі күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.
Осы ауылда туып, өскен депутат туған жеріне заман талабына сай Мәдениет үйін салып берген. Толықтай жабдықтап , ішінен кітапхана ашты. Ондағы қызметкерлер мен ғимаратты күтіп-ұстауды өзі қаржыландырды. Бүгінде береке-бірлігі жарасқан шыңқожалықтар ауылдың болашағы үшін аянбай еңбек етуде. Оны ауылдың бүгінгі келбетінен көруге болады.
#Абайская область, #Нуртай Сабильянов