Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда

Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бақылауда

Абай облысы әкімінің төрағалығымен көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың мәселелерін шешуге бағытталған облыстық қоғамдық жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, Аягөз ауданы бойынша көпбалалы отбасылармен жұмыс жасайтын комиссияның атқарған жұмысы, Семей қаласының Комсомол кентінің инфрақұрылымын дамыту (жолаушылар тасымалы, жарықтандыру, аялдама, жол жөндеу және т.б.), сондай-ақ жеке сот орындаушыларының алиментті өндіру жұмысы талқыланды,-деп хабарлайды abaidan.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мәселен, 2023 жылдың 10 айында 527 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде әлеуметтік жағынан осал отбасылар – 244, көпбалалы отбасылар – 161, жетім балалар – 55, баспанасы қауіпті деп танылған ҚР азаматы – 14 отбасы. Жыл соңына дейін тағы 150-ге жуық пәтер беру жоспарланған.

Қазіргі таңда облыста мемлекет қаржысына 26 несиелік үй салынып жатыр. Сол арқылы баспанаға мұқтаж тұрғындарға 1500-ге жуық пәтер кілтін табыстауға мүмкіндік береді.

 

Жиын қорытындысында көтерілген мәселелерді Абай облысының әкімі протоколға енгізіп, тиісті тапсырма берді.


#Абайская область, #жилье