Ұлттық Құрылтайда қаралған маңызды мәселелер елдің рухани дамуына жаңа серпін береді

Ұлттық Құрылтайда қаралған маңызды мәселелер елдің рухани дамуына жаңа серпін береді

Бурабайда өткен IV - Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  ел дамуына қатысты ең өзекті мәселелерге тоқталып ойымен бөлісті,-дейді тарих ғылымдарының кандидаты,қоғамтанушы Аман Рахметуллин.  Оның айтуынша, Президент халықтың әл – ауқатын дамытуға тікелей ықпал ететін саяси – экономикалық жаңаруларға тоқтала отырып, салық жүйесіндегі реформаны жетілдіру, республика және халықаралық дәрежеде газ тарату, бизнесті әртараптандыру саласына да ерекше мән берген.

Президент өз сөзінде ғасырлар бойы елді біріктіруге ықпал еткен діни  білім беру, халықтың діни танымын дамытуға қатысты пікірінде ортаға салып, мемлекет діни сенім бостандығына кепілдік бере отырып дәстүрлі емес діни ағымдардың қараша халықты адастырып, алдап арбауына жол бермейтінін баса айтты. Сондай – ақ, бұл мәселені мемлекеттік бақылауда болуы керек екендігін ерекше атады. Елдің рухани дамуының өзегі болып табылатын дін тақырыбы, қоғамдық әдеп, білім беру жүйесін дамыта отырып, оған кедергі болатын интернет алаяқтары мен  әлеуметті әуреге салған сапасыз коучтардың қылмыстық әрекеттеріне тоқтау салу керек екендігіне баса назар аударды,-дейді ол.

Сондай-ақ қоғамдық әдепті тура жолға салу арқылы бейәдеп қылық көрсететін азаматтардың мәдениетін жетілдірудің маңыздылығы өте өзекті дей отырып, сол арқылы қоғамдық орындардағы жанжалдардың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы әлімжеттік, күш көрсету, қылмыстық оқиғаларды азайтуға мүмкіндік молаятынын жан – жақты атап көрсетті. Жергілікті жерлердегі мәдениет үйлерінің тек концерт  өткізетін орын ғана емес ол жерлер өңірдің тұрғындарына мәдениет пен тәрбие беретін негізгі ошаққа айналдырылуы керек деп нақты тапсырмалар берді.

Ұлттық құрылтайда қаралаған бұл мәселелер елдің рухани дамуына жаға серпін бере отырып, жаһандық қауіп қатерлерге қарсы тұрар елдік иммунитет болатынына біз сенеміз. Рухы асқақ, санасы сергек, білімді ұрпақ ғана ертеңгі елдің сенімді тірегі болады,-дейді Аман Рахметуллин.


#Казахстан, #Национальный Курултай, #Боровое