Жаңа Конституция – терең сараланған, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат

Жаңа Конституция – терең сараланған, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат

Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы басталды. Маңызды шараға облыс әкімі Берік Уәли, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, «Аманат» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Қайрат Көшенов, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары, қала және аудан әкімдері, ауылдық округ және кенттер әкімдері, басқарма басшылары, ірі шаруа қожалықтарының жетекшілері, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өкілдері де қатысып жатыр. Форумға жалпы саны 500-ден астам адам жиналды.

Аймақ басшысы форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жүзеге асырып келе жатқан саяси реформаларының аясындағы жаңа Конституцияның терең сараланған, әлемдік үздік тәжірибелерді ескерген, ұлттық мүддені және адам құқығын толық қорғауға бағытталған сапалы құжат екенін атап өтті.

«Бүгінгі басқосуымыз ауыл шаруашылығының немесе жергілікті басқарудың мәселесін ғана талқылайтын алаң емес, сонымен қатар, еліміздің даму бағытын, мемлекет пен халық арасындағы өзара жауапкершілікті айқындайтын үлкен форум.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституцияға қатысты пікір алмасу бір күннің немесе бір айдың шаруасы болған жоқ. Жарты жылдан астам уақыт бойы қоғамда жан-жақты талқылау жүрді. 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылып, оның құрамына еліміздің білікті заңгерлері, сарапшылары, қоғам өкілдері енді. Ең бастысы, бұл жолы шешімді өзіміз қабылдадық, комиссия құрамында шетел мамандары болған жоқ.

Президент өз сөзінде азаматтарға былтыр қазан айынан бастап өз ұсыныстарын ашық айтуға толық мүмкіндік берілгенін айтты. eGov және eOtinish платформалары арқылы мыңдаған ұсыныс түсіп, олардың барлығы мұқият қаралған. Комиссия жұмысы барынша ашық жүргізіліп, талқылаулар тікелей эфирде көрсетілді. Бұған дейін елімізде реформалар дәл осындай кең ауқымда, бүкіл халықтың қатысуымен талқыланбаған болатын. Бұл – шын мәнінде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты көрінісі. Сондықтан да біз жаңа Конституцияны нағыз халықтық Конституция деп толық айта аламыз. Осы Ата Заңда бекітілген қағидаттарды ауылда нақты іске қалай айналдырамыз? Мемлекет адам үшін болса, онда ауылдағы әрбір тұрғынның тұрмысы, әрбір шаруа қожалығының дамуы – біздің басты өлшеміміз болуы тиіс», – деді Берік Уәли.


#Право человека, #Конституция, #Конституционная реформа