Жаңа Заң қабылдау керек: Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына - 32 жыл толды

Жаңа Заң қабылдау керек: Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына - 32 жыл толды

Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына - 32 жыл толды. 

Абай облысының тұрғындары дәстүрлі түрде Бейбітшілік аралындағы «Өлімнен де күшті» монументіне арнайы барып,  полигон құрбандарының рухына тағзым етті. Жиналған халықтың қарасы қалың. 

Естеріңізге сала кетейік, 1949-1989 жылдар аралығында Семей даласында 456 әртүрлі ядролық жарылыс жүргізілді. Әуе мен жер астында 116 сынақ жасалды. Олардың қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті. Полигон жабылғанымен, жергілікті халық сынақтың зардабын әлі күнге тартып келеді. Семейлік белсенді азаматтар 1992 жылы шыққан заң ескірді, жаңа заң қабылдау керек деп санайды. 

"Комитет Полигон21" қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Марат Құрманбаевтың айтуынша, 1992 жылы қабылданған «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы ескірген. Оның күшін жойып, Әділетті Қазақстанда заман талабына сай, халыққа әлеуметтік -медициналық тұрғыдан қолдау көрсететін жаңа Заң қабылдау керек. Қазір еліміздің әр аймағында тұрғындардан қолдау шарасы ретінде қол жинау шаралары жүріп жатыр. Алдағы уақытта Президентке жолдау жоспарлануда.


Хиросима университетінің профессоры Нориюки Каваноның Семейге зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында келгеніне 20 жыл болыпты. Айтуынша, радиация адамдарға әртүрлі әсер етеді екен. Дегенмен, нәтижесі бойынша Херосима, Нагасаки мен Семей тұрғындары бір-біріне өте ұқсас көрінеді. 

Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 32 жыл толды.

 


#Семей, #Абайская область, #полигон, #ядерное испытание