Жаңадан ашылған зертханамен студенттер танысты.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының жаңадан ашылған зертханасымен Геодезия, картография және құрылыс колледжінің 4 курс студенттері танысты,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі ЖАСҰО Абай облыстық филиаының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Болашақ мамандарға жол сапасын бақылау үшін зерханада жүргізілетін тексеру жүмыстары жайлы баяндалды. Ғимараттағы түрлі жол салуға арналған материалдардың құрамы мен жарамдылығын анықтайтын заманауи құрылғылар таныстырылды. Колледж студенттеріне «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының директоры, Фурхат Джуланов дәріс оқып, сұрақтарына жауап берді.
- Бүгін біз жол сапасының қалай тексеруден өтетіндігімен таныстық. Бұрын мұндай жұмыстар қалай жүргізілетіндігін және оны кімдер атқаратындығынан бейхабар болатынбыз. Бүгін «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» жайлы көп мағлұмат алдық. Жол саласының мамандары тапшы екендігін де білдік. Колледжді тамамдаған соң осы саланы игеруге болатындығына көзім жетті. – дейді 4 курс студенті, Мирас Мамажанов.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалы жастарға кәсіптік бағдар беру мен жолшы мамандығын насихаттау жұмысын тұрақты түрде өткізіп келеді.
#Абайская область, #«Национальный центр качества дорожных активов»