Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 560 просмотровabaidan.kz

Искусственный интеллект: прошел мастер-класс для представителей СМИ

Жасанды интеллект: БАҚ өкілдеріне арналған семинар өтті

Искусственный интеллект: прошел мастер-класс для представителей СМИ

Қазіргі заманғы технологиялық серпілістердің алдыңғы қатарында тұрған жасанды интеллект (ЖИ) саласы күн санап дамып келеді. Осы орайда қоғам өмірінің түрлі салаларында ЖИ технологияларын тиімді қолдану – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Мемлекет басшысының Жолдауында да жасанды интеллектті кезең-кезеңімен енгізудің маңыздылығы атап өтілген болатын.

Искусственный интеллект: прошел мастер-класс для представителей СМИ

Осы бағытта семинар ұйымдастырылып, оған отандық БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шараны танымал IT маман, цифрландыру саласының сарапшысы Аршат Оразов жүргізді. Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен жан-жақты танысып, оны ақпараттық салада қолдану жолдарына назар аударды.

Искусственный интеллект: прошел мастер-класс для представителей СМИ

Арнайы ұйымдастырылған шараға 30-ға жуық журналист пен медиа саласының мамандары қатысып, өздерінің біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Семинар барысында теориялық түсініктермен қатар, практикалық мысалдар келтіріліп, қатысушылар ЖИ құралдарын қолдану бойынша пайдалы кеңестер алды.

Искусственный интеллект: прошел мастер-класс для представителей СМИ

Іс-шара соңында БАҚ өкілдері ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, Аршат Оразовқа табысты еңбек тілеп, алдағы уақытта осындай мазмұнды шаралардың жиі өткізіліп тұруын қолдайтындықтарын жеткізді.

Искусственный интеллект: прошел мастер-класс для представителей СМИ

Бұл семинар – ақпарат құралдарының өкілдері үшін жаңа технологиялармен қадамдап танысудың және кәсіби даму мүмкіндіктерін арттырудың жарқын үлгісі болды.