Жатақхана тұрғындарынан маза кетті
Редакциямызға Семей қаласындағы Уральская көшесіндегі жатақхана тұрғындары шағымданды. Олардың айтуынша, жатақхана іші санитарлық талаптарға сай емес. Өте лас. Жауапты адам коммуналдық төлемдерге ақша жинағанымен, тиісті жұмыстарды атқармайтын көрінеді. Бұл мәселе қанша айтылғанымен, ешбір нәтиже болмаған. Сөзіміз дәлелді болу үшін, тұрғындар жіберген суреттер мен ватсапқа жіберген ақпараттарды қоса салып отырмыз. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен СЭС мамандары ақпаратты негізге алып, мәселеге назар аударады деген ойдамыз.