Поздравляем со вступлением в силу народной Конституции
Общество 880 просмотровabaidan.kz

В стране Абая встретили дух декабря

В стране Абая встретили дух декабря

Ұлы ақын, данышпан ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы – ел руханиятының еңсесін көтерген айтулы оқиға болды. Абайдың туған топырағында, қазақтың қасиетті мекені – Абай өңірінде өткен дүбірлі той халқымыздың тарихына, мәдениетіне және ұлт мұратына деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды.

 Желтоқсаншылар үшін бұл тек мерейтойлық жиын ғана емес, рухани жаңғырудың, ұлттық бірліктің, тәуелсіздік жолындағы күрестің жалғасы іспетті. Олар Абайды – елдік пен ерліктің, рух пен намыстың символы ретінде бағалайды. «Тәуелсіздік пен Желтоқсан егіз ұғым. Ал Абай – сол егемен елдің рухани тірегі. Бүгінгі той – бабалар аманатын ұрпаққа табыстау жолындағы бір қадам.Ұлы Абайдың тойына баруымыз үшін желтоқсандықтарға арнайы көлік беріп, қолдау көрсеткен Астана қаласы әкімдігіне ризашылығымды білдіремін», – деп атап өтті "нағыз Желтоқсан" қоғамдық қорының Президенті Құрманғазы Рахметов.

В стране Абая встретили дух декабря

Шара барысында желтоқсандықтар Абай мұрасының тәлімдік мәніне тоқталып, бүгінгі ұрпаққа оның еңбектерін тереңінен оқып, ұлттық болмысты танып-білуге шақырды. Сонымен қатар, мерекелік бағдарламаларға қатысып, көпшілікпен кездесіп, өз естеліктерімен бөлісті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ринат Зайыт желтоқсандықдықтарды ортақы тоймен құттықтап, құрмет көрсетті.

В стране Абая встретили дух декабря

Абай мен Тәуелсіздік – қазақтың қос киесі. Бірі – рухани жаңғырудың темірқазығы болса, екіншісі – ұлттың арман-мұратының орындалған көрінісі. Абайдың әрбір сөзі – еркін ойдың, азат сана мен ұлттық бірегейліктің жаршысы. Ал Желтоқсан – сол еркіндіктің жолындағы күрестің шынайы шежіресі.

В стране Абая встретили дух декабря

Сондықтан да, бұл басқосу – өткенге тағзым, бүгінге тағылым, болашаққа бағдар болды. Абайдың рухани мұрасы мен Желтоқсанның ерлік жолы бір арнада тоғысып, елдік пен еркіндікке құрметтің символына айналды.