Желтоқсан жаңғырығы жадымызда

Желтоқсан жаңғырығы жадымызда

Биыл «Желтоқсан оқиғасына» 39 жыл толды. Егемендікті жақындатқан 1986 жылғы қазақ жастарының ерен ерлігі ұмыт қалмай, жас буынға ұдайы дәріптелуі тиіс. 

Осы мақсатта Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушылары үшін тағлымы мол, рухани мәні зор кездесу өтті. Кездесудің құрметті қонағы ретінде «Абай облысы Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Халықаралық және Қазақстан журналистер одағының мүшесі Эльмира Жүрсінбекқызы шақырылды.

 Осыдан отыз тоғыз жыл бұрын күллі қазақтың рухын серпілтіп, намысын оятып, жігерін қайраған Желтоқсан оқиғасына қатысқан қонағымыз сол жылдардың естелігімен бөлісті. Небәрі 17 жасында алаңға шыққан қазақ қызының өз ауызынан қайсар да қасіретті күннің шындығын, әділдік пен егемендікке асыққан жастардың ерлігін есту зияткерлерге ерекше әсер қалдырды.  

  Эльмира Жүрсінбекқызы өткеннің рухын жеткізіп, жастарға ел болашағы үшін батыл қадам жасауға жігер берді.


#Желтоксан, #День Независимости