"Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі

11-12 қыркүйек күндері Абай облысы аумағында "Жер-2023" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізіледі. Бұл туралы abaidan.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқу-жаттығулар барысында басқару органдарын, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдарын жойқын жер сілкінісі нәтижесінде туындаған төиенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау мәселелері пысықталады.

Оқу-жаттығулар Абай облысының қалалары мен аудандарының аумақтарында өтеді. Жер сілкіністерінің салдарын жою бойынша негізгі оқу-жаттығулар Аягөз ауданы мен Семей қаласында өткізіледі.

Оқу-жаттығу аясында құлақтандыру жүйелері іске қосылатын болады.

Аталған өңірлердің тұрғындары мен қонақтарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауларын, қауіпсіздік шараларын сақтауларын және шараға тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауларын өтінеміз.


#ученье, #ДЧС