Өскемен қаласында “Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы” мекемесі БАҚ тілшілері және блогерлер арасындағы жол сапасы мәселелері тақырыбындағы үздік жарияланымдар байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Түрлі аталымдар бойынша Шығыс Қазақстан мен Абай облысының тілшілерінің ішінен ең үздіктерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.





