Жолшы мамандығын таңдауда жаңылмадым

Жолшы мамандығын таңдауда жаңылмадым

Роллан Қалиақпаров 20 жылға жуық жол саласында қызмет етіп келеді. Еңбек жолын техник-геодезист болып бастаған. Өз мамандығына деген адалдығы мен шеберлігінің арқасында бүгінде саладағы ең білікті кадрлардың біріне айналды. Қазір "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" Абай облыстық филиалында жоғары санаттағы инженер. Білікті маман білгенін жас буынға үйретіп, кәсіби кадрларды дайындауға да көп үлес қосуда.

-Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы»- деп жарияланғанын естіп қуанып қалдым. Мәселе соңғы жылдары жұмысшы мамандықтарды таңдайтын жастар сиреп кетті. Мысалы өзім еңбек етіп жүрген жол саласынан ақ байқауға болады. Жол құрылысымен айналысатын білікті маман тапшы. Еліміз бойынша жағдай сондай. Сапалы жол салу үшін, жақсы маман қажет қой. Сондықтан, жастарға жұмысшы мамандық таңдаудан қорықпау керек- деп айтар едім. Еліміздің экономикасы дамуы үшін бәріміз де үлес қосуымыз керек. Дәнекерлеуші, құрылысшы, механик болмаса ол саладағы жұмысты кім атқарады. Ол жағын да ойлауымыз қажет. Мен өзім жол саласына біршама жыл еңбек сіңіріп келемін. Облысымыздағы салынып жатқан жолдардың сапасын қадағалап, тексеріп отырамыз. Енді біздің орнымызды басатын жас мамандар болса-дейді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облыстық филиалының маманы, Роллан Қалиақпаров.

Бүгінде еліміз бойынша автожол саласында 2 мыңға жуық білікті маман жетіспейді. Сондықтан оқу орындарына қосымша грант бөлуді мемлекет қолға алды.  Осы жылы бакалавриатқа 79 мыңға жуық грант бөлінген. Оның 60%-і, яғни, 19344-і техникалық бағыттарға тиесілі. Оның ішінде «Көлік құрылысы» білім беру бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау биыл алғаш рет жүзеге асырылды.  Көлік министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, осы бағытта берілетін гранттарды ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2024-2027 жылдарға «Көлік құрылысы» білім беру бағдарламасына 839 грант берілді. Сонымен қатар еліміздегі студенттерді даярлау үшін шетелдік ғалымдарды тартуға бағытталған халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер ұйымдастырылуда.


#Год рабочих профессий, #рабочий