Қазіргі жасанды интеллект пен ютуб платформасы цифрлық әлемдегі ең маңызды тақырыптардың біріне айналды. Осы орайда Түркітілдес журналистер қоры медиа форум аясында "Журналистикадағы жасанды интеллект және YOUTUBE" тақырыбында семинар-тренинг өткізді. шара барысында шетелдік қонақтар Нәзия Жоямергенқызы басшылық жасайтын Түркітілдес журналистер қорының жұмысына жұмысына сәттілік тілеп, алдағы уақытта да әріптестік қарым-қатынаста жұмыс жасайтындықтарын айтты. Сондай ақ БАҚ жұмысын ілгерілетудегі тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар-тренинг барысында қатысушылар ЖИ-дың интернет әлеміндегі рөлі туралы толық ақпарат алды. ЖИ арқылы контент құру, бейнелерді автоматты түрде монтаждау, көшіру және анимация жасау тәсілдері көрсетілді.






