Ардагерлер көзқарасы: Ата Заң – ұрпақ сабақтастығының кепілі
Жаңа Конституцияның күшіне енуі – еліміздің құқықтық және қоғамдық дамуындағы маңызды тарихи кезең. Ата Заң – мемлекеттің тұрақтылығының, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сенімді кепілі,-дейді Абай облысы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Алмагүл Жұмағұлова.
Ардагерлер қауымы әрдайым ел бірлігі мен ұрпақ сабақтастығын басты құндылық деп санайды. Конституцияда белгіленген адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, азаматтардың жауапкершілігі мен қоғамдағы келісімді сақтау қағидалары – болашаққа бағытталған маңызды қадамдар. Біз, аға буын өкілдері, еліміздің бейбіт дамуы мен өркендеуіне әрдайым қолдау білдіреміз. Жаңа Конституцияның талаптарын құрметтеу және оның мәнін жас ұрпаққа түсіндіру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Ата Заңымыз ел дамуының берік негізі болып, Қазақстанның жарқын болашағына жол ашады деп сенеміз,-дейді Алмагүл Хасенқызы.
#Абайская область, #Конституция, #ветеран