Конституцияға құрмет – саналы ұрпақ тәрбиесінің негізі

Конституцияға құрмет – саналы ұрпақ тәрбиесінің негізі

Конституция – тәуелсіз еліміздің құқықтық негізін айқындайтын, мемлекет пен қоғамның дамуына бағыт беретін ең басты құжат. Ол әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғап қана қоймай, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін де айқындайды - дейді Қ.Рысқұлбеков атындағы ЖББОМ директоры Қуат Сыдық.

Мектеп – жас ұрпақтың бойына біліммен қатар азаматтық құндылықтарды, отансүйгіштік пен заңға құрмет сезімін қалыптастыратын маңызды орта. Сондықтан оқушыларға Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіру, құқықтық мәдениетін арттыру және әділдік, жауапкершілік, адамгершілік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу – білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі. Конституцияға деген құрмет ең алдымен заңды сақтау мәдениетінен, өз құқығыңды білу мен өзгенің құқығын сыйлай білуден басталады. Осындай құндылықтарды бойына сіңірген жас буын ғана елдің дамуына өз үлесін қосатын саналы әрі жауапты азамат болып қалыптасады.Еліміздің жарқын болашағы – білімді, тәрбиелі және заңды құрметтейтін ұрпақтың қолында. Сондықтан Конституция қағидаттарын дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру және жас ұрпаққа ұлттық әрі азаматтық құндылықтарды насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз,-дейді Қуат Тұрсынұлы.


#Семей, #Абайская область, #школа, #Конституция