Конституциялық жаңғыру – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа кезеңі

Конституциялық жаңғыру – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың жаңа кезеңі

Жаңа Конституцияның күшіне енуі еліміздің саяси және құқықтық дамуындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп қана қоймай, жергілікті өзін-өзі басқару институттарының рөлін күшейтуге де тың серпін берді,-дейді Абай облыстық мәслихатының депутаты Нұрлан Қойжайғанов.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту – халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне тікелей қатысуын қамтамасыз ететін маңызды тетік. Конституцияда бекітілген қағидаттар жергілікті қоғамдастықтардың дербестігін арттыруға, мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейтуге және азаматтардың пікірін ескеруге бағытталған.Облыстық мәслихат депутаты ретінде бұл өзгерістер өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді деп есептеймін. Жергілікті мәселелерді сол аумақтың тұрғындарына жақын өкілдердің қатысуымен шешу басқарудың тиімділігін арттырып, билік пен халық арасындағы өзара сенімді нығайтады.Алдағы уақытта жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, бюджеттік дербестікті күшейту және азаматтардың қоғамдық бастамаларын қолдау негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Бұл – әділетті, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекетті қалыптастырудың маңызды қадамы,-дейді депутат.


#Конституция, #маслихат, #Основной Закон