Сөз еркіндігі мен ақпарат алу құқығы – жаңа Конституцияның маңызды қағидаттары

Сөз еркіндігі мен ақпарат алу құқығы – жаңа Конституцияның маңызды қағидаттары

Қазақстанда бүгін жаңа Конституция өз күшіне енді. Жаңа Конституцияда сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығына ерекше мән берілуі Әділетті Қазақстан құрудағы маңызды қадамдардың бірі деп есептеймін. Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтып, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді арттыруға ықпал етеді,-дейді Абай облысы Журналистер одағының төрағасы Мирас Малғаждаров. 

Сөз бостандығы – әр адамның негізгі құқықтарының бірі. Ол азаматтарға өз пікірін еркін білдіруге, қоғамдық мәселелерді ашық талқылауға және елдің дамуына белсенді қатысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл құқық басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін құрметтеу қағидатымен жүзеге асырылуы тиіс. Ақпарат алу құқығы да демократиялық қоғамның маңызды тіректерінің бірі. Ашық әрі қолжетімді ақпарат азаматтардың саналы шешім қабылдауына, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын арттыруға және қоғамдық бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа Конституцияда осы құқықтардың айқын көрініс табуы елімізде заң үстемдігі мен азаматтық қоғамды нығайтуға, сондай-ақ Әділетті Қазақстанның берік негізін қалыптастыруға қызмет етеді,-дейді ол.


#СМИ, #Конституция, #Основной Закон