Жаңа Конституция – тең мүмкіндіктер кепілі

Жаңа Конституция – тең мүмкіндіктер кепілі

Жаңа Конституцияның қолданысқа енуі – еліміздің құқықтық жүйесін нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп білемін,-дейді қоғам белсендісі, қолөнер шебері Абылайхан Асылбай. 

Мен бұл өзгерістерді оң бағалаймын. Себебі Конституцияда әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, заң алдында тең болуы басты қағидалардың бірі ретінде көрсетілген. Бұл кез келген адамның білім алуына, еңбек етуіне, шығармашылықпен айналысуына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді. Мен өз еңбегім арқылы қоғамға пайдалы болуға ұмтыламын. Сондықтан жаңа Конституцияда адамның қадір-қасиеті, тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік қорғау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі мені жігерлендіреді. Болашақта осы қағидалар іс жүзінде толық жүзеге асып, барлық азамат үшін қолайлы әрі әділетті қоғам қалыптасады деп сенемін,-дейді шебер.


#Конституция, #культура, #Основной Закон