Жаңа Конституция - жаңару жолы
Елімізде 2019 жылдан бері қарай саяси реформа жүріп келеді. Реформа жүру үшін Конституцияға өзгерістер енгізілуі немесе заман талабына сай жаңа Конституция қабылдануы керек. 2022 жылы супер Президенттіктен арылып, Парламенттің ролін күшейту мақсатында жалпыхалықтық референдум арқылы Конституциямыздың 33 бабына өзгеріс енгізілді. Бүгін жаңа Конституция заңды күшіне енді. Еліміздің жаңа Конституциясы – болашаққа деген нық қадам,-дейді Тарбағатай-Ақсуат аудандарының “ Құрметті Азаматы”, “ Құрмет” Орденінің иегері, Абай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, “ Тарбағатай табиғаты” экологиялық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, “ Ақсуат арайы газетінің редакторы Ержан Кәрібайұлы Құттыбай.

ҚР Президентінің 8- қыркүйек 2025 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірпалаталы Парламентке көшіп, саяси реформаны одан ары қарай жалғастыру жөнінде айтылғаннан кейін Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобы құрылды. Бұл топ Е- өтініш, егов порталдары арқылы азаматтардан ұсыныстар қабылдады. Осы мәселе бойынша ашық қоғамдық талқылаулар өтті. Алты ай уақыт талқыланғаннан кейін жұмыс тобы азаматтардан түскен ұсыныстарды саралады. Осы ұсыныстар бойынша Конституцияның 77 бабына өзгеріс енгізу қажет болғандықтан Жаңа Конституция қабылдау туралы шешім шықты. Нәтижесінде 21- қаңтар 2026 жылы құрамында 130 адамы бар Конституциялық реформа бойынша комиссия құрылды. Осы уақытқа дейін комиссия 6 отырыс өткізіп, Конституцияның жаңа жобасын әзірлеп, халыққа ұсынды. Жаңа Конституцияның жобасы: кіріспеден, 11- бөлім, 95- баптан тұрды. Конституцияның жобасында қазіргі халықаралық геосаяси жағдайларға байланысты және уақыт талабына сай жаңартулар орын алды. Атап айтқанда: Адам құқықтары мен бостандықтары бүкіл Конституцияның ерекше басымдығы әрі негізгі өзегі болып бекітілді; адвокатура туралы арнайы бапты алғаш рет бекіту; жаңа бірпалаталы Парламент- Құрылтайдың құрылуы; халықтың мүддесін білдіретін консультативтік орган Халық Кеңесінің құрылуы; Вице- Президент институтының енгізілуі; дін мен мемлекеттің аражігі нақты ажыратылып бекитіндігі; пропорционалды сайлау жүйесінің қолданылатындығы. Осы өзгерістер заман ағымына қарай енгізілді. Конституцияның жаңа жобасы жалпыхалықтық талқылаудан өтті. Сондағы айтылған орынды ұсыныстар жобаға енгізіліп, референдумға ұсынылды.
15- наурыз 2026 жылы республикалық референдум өтіп, Жаңа Конституцияға халықтың 87,15 пайызы қолдап дауыс берді. Яғни халық реформаны қолдайды деген сөз.
30- маусым 2026 жылы Парламент палаталарының бірлескен соңғы отырысы өтіп, оған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев қатысып, сөз сөйлеп Мәжіліс және Сенат депутаттарына алғыс білдірді. Және 1- шілде 2026 жылдан бастап “ Жаңа Конституция” күшіне еніп, мемлекеттік құрылымда түбегейлі өзгерістер болатындығын айтты. Ендігі кезекте тамыз айында бір Палаталы Құрылтайдың сайлауы партиялық тізім бойынша ұсынылып өтеді. Құрылтай сайланғаннан кейін Үкіметтің жаңа құрамы жасақталады. Құрылтайдың келісімімен Вице- Президент тағайындалады. Сонымен бірге Халық кеңесі іріктеліп, іске кірісетін болады. Сөйтіп Қазақстанда саяси реформалардың алғашқы кезеңдері сәтті өтіп, саяси реформаның жаңа кезеңі басталады. Іске сәт!
Көк Туымыз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын дейміз!
#Конституция, #общественный совет, #Основной Закон