Жаңарған Конституция – Тәуелсіздік мұраттарының заңды жалғасы
Желтоқсан оқиғасына қатысушы ретінде жаңарған Конституцияның күшіне енуін еліміздің құқықтық және демократиялық дамуындағы маңызды кезең деп бағалаймын,-дейді "Абай облысы Желтоқсан-86" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ержан Байелов.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы халқымыздың азаттыққа, әділдікке және ұлттық намысқа деген ұмтылысының айқын көрінісі болды. Сол тарихи оқиғаға қатысқан азаматтардың арманы – тәуелсіз, заң үстемдігі орнаған, әрбір азаматтың құқығы қорғалатын мемлекет құру еді. Бүгінде жаңарған Ата Заңымыз осы құндылықтарды одан әрі нығайтуға бағытталған. Конституцияның басты мақсаты – адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділетті қоғам қалыптастыру және елдің тұрақты дамуына берік құқықтық негіз қалау. Әсіресе, жастардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Тәуелсіздіктің қадірін түсініп, Желтоқсан қаһармандарының ерлігі мен ел үшін атқарылған тарихи күресті ұмытпай, біліммен, адал еңбекпен және бірлікпен Қазақстанның жарқын болашағын бірге құруымыз қажет. Жаңарған Конституциямыз халқымыздың бірлігін бекемдеп, мемлекетіміздің тұрақты дамуына қызмет етіп, Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуіне сенімді негіз болсын,-деді ол.
#Закон, #Конституция, #Желтоксан