Жастарды жарқын болашаққа бастайтын Ата Заң
Жаңарған Конституцияның ресми түрде күшіне енуі – еліміздің құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған маңызды қадам. Ата Заңымыз азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды, заң үстемдігін нығайтуды және мемлекет пен қоғамның өзара жауапкершілігін арттыруды көздейді. Әсіресе, жастар үшін бұл өзгерістердің маңызы зор. Себебі елдің болашағы – білімді, еңбекқор әрі белсенді жас ұрпақтың қолында. Жаңарған Конституция жастардың сапалы білім алуына, өз қабілетін жүзеге асыруына, қоғамдық өмірге белсенді араласуына және елдің өркендеуіне үлес қосуына жаңа мүмкіндіктер береді.Ата Заңымыз әрдайым еліміздің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің берік негізі болып, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайта берсін. Барша қазақстандықтарға амандық, әр шаңыраққа құт-береке, ал Тәуелсіз Қазақстанымызға бейбітшілік пен кемел даму тілеймін,-дейді «Жастар Рухы» Жастар қанатының Абай облыстық филиалының төрағасы Темірлан Бақтияров.
#Закон, #молодежь, #Конституция