Абай облысында коалиция мүшелері Семей қаласының №5 гимназия ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді
Коалиция мүшесі Асемхан Дускужанов Конституцияның 20-бабына ерекше тоқталып, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалатынын түсіндірді:
«Адамға құрмет – әділетті мемлекеттің өлшемі. Конституция ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық көрсетуге немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекеттерге жол бермейді. Бұл – заң ғана емес, өркениетті қоғамның басты қағидаты».


Ал Айрат Базенов өз сөзінде Конституцияның 33-бабына назар аударып, білім беру саласындағы негізгі кепілдіктерді түсіндірді:
«Қазақстан Республикасының әр азаматы заңға сәйкес жоғары оқу орындарында жоғары білім алуға құқығы бар. Бастауыш және негізгі орта білім – міндетті. Бұл әр баланың болашағына берілген нақты мүмкіндік». Бұл нормалар білім сапасын арттыруға және тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.


Абай облыстық мәслихатының депутаты және коалицияның өңірлік филиалының мүшесі Қуаныш Қасенов референдумның маңыздылығына тоқталып, оны халықтың еркін білдіруінің тиімді конституциялық құралы ретінде сипаттады:
«Референдум – әрбір азаматқа ел тағдырына тікелей ықпал ету мүмкіндігін беретін құрал. Белсенділік – жауапкершіліктің белгісі».



Спикерлер Конституциядағы өзгерістердің практикалық маңызы мен қоғам өміріне ықпалын түсіндіріп, гимназия ұжымын 15 наурыздағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
#Конституция, #Референдум, #Конституционная реформа