Азат Перуашев: Конституциялық реформа – бұл бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту

Азат Перуашев: Конституциялық реформа – бұл бүкіл саяси жүйені терең қайта жаңғырту

Пропорционалды жүйе бойынша сайланатын бір палаталы Парламентке көшуҚазақстанның саяси жүйесін дамытудың қисынды жалғасы . Бұл туралы Мәжіліс депутаты АзатПеруашев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді. Ол өзінің саяси процестерге қатысу тәжірибесі негізінде «Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет Басшысының бір палаталы Парламентке көшу жөніндегі бастамасына нық қолдау білдіргенін еске салды.

Азат Перуашевтың айтуынша, екі палаталы Парламент – бұл федералдық мемлекеттік құрылым институты, онда Сенаттыңміндеті –федерация субъектілерінің заңнамасын ұсыну және үйлестіру.

«Қазақстан бірыңғайзаңдары мен ережелерібар унитарлық мемлекет болып табылады. Біз Шемонаихадан Форт- Шевченкоға дейін, Бескөлден Шардараға дейінгі әртүрлі аймақтардағы адамдардың өмір сүру сапасымен мемлекеттік қызметтерге бірдей кепілдік беріліп, қорғалуына ұмтыламыз. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардың тұрғындарының мүдделері тең дәрежеде сақталуы тиіс»,- дедіАзат Перуашев.

Ол Мемлекет басшысы бұл бағытта2022 жылықадам жасағанын айтты: сол кезде заңдардыңқабылдануы Мәжіліс құқығына жатқызылды, ал Сенатқа заң жобаларын мақұлдау немесе оларға ұсыныстар енгізу функциясы берілді.

«Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазіргі бастамасы Конституцияның дәйекті эволюциясының логикасын көрсетеді.Сонымен қатар бұл біздіңсаяси жүйеміздің және оның институттарының жетілуін жеделдетеді»,– деп атап өтті АзатПеруашев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда бір палаталы Парламенттің мемлекеттік билікжүйесіндегі өкілеттігін күшейту бойынша оңтайлы шешімдер әзірленді.

Сонымен қатар, Конституцияда оның мәртебесінбекіте отырып, ХалықКеңесі жоғары консультациялықорганын құру туралыбастама түрлі этностар өкілдерініңбилік жүйесінеқатысуын 8 есекеңейтеді, өңірлердің мүдделерін білдіруді бекітеді және азаматтыққоғам көшбасшыларыныңсаяси жүйегетартылуын қамтамасыз етеді.

Партиялық тізімдер бойынша Парламент депутаттарын сайлауға көшубөлігінде бұл ұстанымпарламентаризмнің жинақталған халықаралықтәжірибесін көрсететінін атап өтті Азат Перуашев.

Оның пікірінше, пропорционалды жүйе сайланбалыоргандарда қоғам мүдделерініңкең өкілдігінқамтамасыз етеді, мықты партиялардың өсуіне ықпал етеді және саяси практикадағыеуропалық трендтерге сәйкескеледі.

«Іске асырылып жатқан конституциялық реформа –бұл халықаралықтәжірибеге және парламенттікоппозицияның көп жылдық тәжірибесіне сүйенетін бүкілконституциялық жүйенің шын мәнінде терең қайта жаңғыруы», – деп атап өтті Азат Перуашев.


#Национальный Курултай, #Конституционная реформа