Халық кеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады

Халық кеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады

Конституциялық комиссияның бесінші отырысында жүйелі диалогтың орнықты алаңына айналуға тиіс. Халық кеңесін құру жөніндегі бастамалар талқыланды. Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының төрағасы Владимир Бубенконың айтуынша, жаңа органның қызметі қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға, ашық талқылау және шешімдерді бірлесіп іздеу мәдениетін дамытуға бағытталған.

«Халық кеңесі заңнамалық бастамақұқығына және республикалықреферендум өткізу туралыұсыныс жасау мүмкіндігіне ие болады.Оның мәртебесімен өкілеттігінКонституциялық деңгейде бекітуұсынылады. Бұл оны бірден мемлекеттік биліктің жүйе құраушы институтына айналдырады», – деп атап өттіВладимир Бубенко.

Ол Халық кеңесін құруконституциялық реформаның рухымен логикасына сәйкес келетінін атап өтті. Бұл нормалар тіпті қоғамды мемлекеттік басқару процестеріне кеңінен тартудың құқықтық негізіне айналды.

Сондай-ақ, спикердің айтуынша, конституциялыққұндылық ретінде табиғатқа ұқыпты қарау мәселесі деерекше маңызға ие.

«Конституция деңгейінде экологиялық жауапкершілікқағидаттарын бекіту орнықтыдамуға деген қоғамдық сұраныстыкөрсетеді және өмір сүру жағдайын сақтауға деген ұжымдық жауапкершілікмәдениетін қалыптастырады. Экологиялық қорғауөз мәні бойынша қоғамды және оныңұзақмерзімді мүдделерін қорғаудыңнысаны», – деп атап өтті Мәслихат төрағасы.

Сонымен қатар, Владимир Бубенко Халық Кеңесінің Қазақстан халқы ассамблеясының этносаралық жәнеконфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, ішкі саясат пен мемлекеттік идеология бойынша ұсыныстар дайындау жөніндегі функцияларын өз мойнына алатынына да тоқталды.

«Сайып келгенде, Халықкеңесі қоғамдық сенім институтына айналады. Ол азаматтар мен мемлекет арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, әртүрлі әлеуметтік және этникалық топтардың мүдделерін келістіріп, қабылданатын шешімдердің заңдылығын арттырады.Жалпыхалықтық референдумда жаңа Конституция қабылдаған жағдайда Халық кеңесі Қазақстан азаматының әрбір сөзі ескерілетін ерекше платформаға айналады», – деді ВладимирБубенко.


#Национальный Курултай, #Конституционная реформа