Қазақстанның жаңа Конституциясында адвокатураның мәртебесі туралы норма қосымша пысықталатын болады

Қазақстанның жаңа Конституциясында адвокатураның мәртебесі туралы норма қосымша пысықталатын болады

«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалыққоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай Конституциялық комиссияның бесінші отырысында Ата заңға енгізуге ұсынылған өзгерістердің көлемі ментереңдігі қолданыстағы құжатқа түзету ғана емес, шын мәнінде жаңа Конституцияны қабылдау туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді деген пікір білдірді.

Серік Ақылбайдың айтуынша,түзетулердің бұл жобасы конституциялық құрылыстың іргелі негіздерін қозғайтын нормалардың айтарлықтай жиынтығынан тұрады.

Атап айтқанда, жаңа институционалдық архитектура қалыптасуда: бір палаталы Парламент,Халық кеңесі,Үкімет қызметінің, сот жүйесі мен құқық қорғау тетіктерінің жаңартылған модельдері.

«Ұсыныстардың ауқымы мен тереңдігін саралай келе қолданыстағы Конституцияның жаңа редакциясы туралы емес, шын мәнінде жаңа Ата заң туралы айтқан жөн деп санаймын», –деді СерікАқылбай.

Оның айтуынша, бүгінде мемлекет пен қоғамның басқару тиімділігіне, құқық айқындылығы мен адам құқықтарын қорғауға қоятын талабы жоғары. Осыған байланысты республикада билікті ұйымдастыру негіздері өзгеріп, жаңаинституттар қалануда. Осылайша, біз Қазақстанның конституциялық дамуының сапалы жаңа кезеңі туралы айтып отырмыз.

Сонымен қатар ол жаңа Конституциямемлекеттіліктің негізгі құндылықтарының толық сабақтастығын және жинақталған құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, олардың дәйекті дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Сондай-ақ Серік Ақылбай Конституцияда дінді мемлекеттен бөлуді тікелей бекіту бойынша жиынтық жобаға нәтижесінде енген ұсынысын еске салды.

«Қазақстан аумағындағы діни ұйымдардыңқызметі заңға сәйкесжүзеге асырылатынын және конституциялыққұрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздіктіқамтамасыз ету, қоғамдықтәртіпті, адамның құқықтарымен бостандықтарын, халықтың денсаулығын, қоғамның рухани-адамгершілікқұндылықтарын қорғау мақсатындашектелуі мүмкіндігін қосымша бекіту қажетдеп санаймын.Мұндай толықтырулар идеяның түпкі мәнін ашады», – деді ол.

Сонымен бірге ол адвокатураныңмәртебесіне қатысты норманықосымша пысықтаудың маңызын атап өтті.

«Тұжырымдамалар барынша салмақтыжәне азаматтардыңқұқықтары мен бостандықтарынқамтамасыз ету міндеттеріне толық сәйкес келуі үшін әлі де жұмыс жасау керек»,– деді Серік Ақылбай.

Жалпы, ол Комиссия дұрысбағытта жұмыс атқарып жатыр деген пікір білдірді.


#Национальный Курултай, #Конституционная реформа