Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Азаматтар, қоғамдық ұйымдар, ғалымдармен заңгерлер қауымдастығының бірқатар ұсынысы негізінде Қазақстаның жаңа Конституциясының жобасына жаңа маңызды толықтырулар енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов таныстырды.
Ол Комиссияға волонтерлік қызметтік онституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түскенін хабарлады. Нәтижесінде, қолданыстағы «Волонтерлік қызмет туралы» Заңды және қоғамның дамуы мен қоршаған ортаны қорғаудағы волонтерліктің маңыздылығын ескере отырып, оларқолдау тапқанын мәлімдеді.
«31-баптың 2-тармағында ҚазақстанРеспубликасында ерікті әлеуметтіксақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудыңөзге де нысандарын құру,волонтерлік қызмет жәнеқайырымдылықтың ынталандырылатыны жөнінде толықтыру енгізілді», – деді Конституциялық сот төрағасының орынбасары.
Ол бұл идеяны іске асыру жаңа Конституция жобасының басқа ережелерін үйлесімді түрде толықтыратынын мәлімдеді. Атап айтқанда, Преамбула мен Қазақстан Республикасының түбегейлі қағидаттарын, оның ішінде жауапты және жасампаз патриотизм идеяларын ілгерілету, еңбекқорлық құндылықтарын бекіту және т.б.
Бақыт Нұрмұханов басқа да өзгерістер Құрылтайдың қызметін ұйымдастырумен байланысты екенін айтты.
Мәселен, комитеттер мен комиссиялардың құрылу тәртібі, өкілеттіктері,қызметін ұйымдастыруды заңмен айқындайтын жобаның 59-бабының 3-тармағын алып тастауды ұсынды.
Ол қазіргі уақытта жоғары өкілді органның комитеттерімен комиссияларының қызметі мәселелері «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен, «ҚР Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Заңмен, Парламентпен оның палаталарының регламенттерімен реттелетінін еске салды.
«Бұл түзету аталған Конституциялық заңда осы мәселелерді қамтуға және оларды құқықтық реттеу деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өттіБақыт Нұрмұханов.
Ол сондай-ақ Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерін жетілдіружұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жұмыс тобы құқықтық нормалар мазмұнының қолжетімділігімен түсініктілігін қамтамасыз ету үшін тұжырымдарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдауда. Бұл ретте жобалардың терминологиялықжәне семантикалық бірыңғайлығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда.
Атап айтқанда, Үкімет, Парламент, Президент Әкімшілігі, Конституциялық комиссияның редакциялық-терминологиялық жұмыс тобы, «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы мамандары мен жұмысқа тартылған лингвистердің ұсыныстары негізінде жекелеген редакциялық және стилистикалық түзетулер жүзеге асырылды.
#Конституционная реформа, #Конституционный Суд