Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның жобасын пысықтап, оны референдумға шығаруды ұсынды

Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның жобасын пысықтап, оны референдумға шығаруды ұсынды

Конституциялық Соттың Төрайымы – Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның төрайымы Эльвира Әзімова Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы бойынша жүргізілген жұмыстың алдын ала қорытындысын шығарды. Комиссия мүшелері мен азаматтардың пікірлерін ескере отырып, ол Ата Заңды республикалық референдумға шығаруды ұсынды. Бұл жөнінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түпкілікті шешім қабылдайды.

Сөз басында Эльвира Әзімова азаматтық және заң қауымдастықтарының өкілдері, ғалымдар, құқықтанушылар, лингвистер, қоғамдық ұйымдардың мүшелеріне және Ата Заңның тағдырынабей-жай қарамай, өз ұсыныстарын білдірген мыңдаған азаматқа алғыс білдірді.

«Біз әрбір уәжді жан-жақты саралап, халықаралық тәжірибе мен ұлттық мүддені өзара сабақтастыра отырып, салмақты шешімдер қабылдауға ұмтылдық», – деді ол.

Конституциялық комиссияның миссиясы басынан бастап айқын болғанын, ол – азаматтардың көпшілігінің еркін көрсететін, құқықтар мен міндеттердің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін, мемлекеттілікті нығайтып, адам құқықтарының кепілдіктерін қорғауға бағытталған үйлесімді, салмақты Ата Заң моделін әзірлеу екенін атап өтті Эльвира Әзімова.

«Сіздермен бірнеше отырыс барысында талқыланған мәтін түбегейлі жетілдіріліп, түскен ұсыныстар ескерілді. Азаматтар, заңгерлік және азаматтық қауымдастықтар, сараптамалық алаңдардан түскен бастамалардың басым бөлігі жан-жақты талданды. Көптеген баптар тікелей жобада көрініс тапса, басқалары мәтіндік нұсқада және концептуалдық шешімдерге әсер етті», – деді комиссия төрайымы.

Мысалы, ҚР жаңа Конституциясының жобасына адвокаттың мәртебесі, меншік құқығының кепілдіктері, мемлекет келтірген зиянды өтеу құқығы, экологиялық қауіпсіздік, азаматтық мәселелері туралы нормалар және т.б. енгізілді. 

Қазақша мәтіннің сапасына ерекше назар аударылды – терминология жаңартылды және қазіргі заманға бейімделді. Сонымен қатар өтпелі ережелер туралы ұсыныстар ескерілді. 

Эльвира Әзімованың айтуынша, Еуразия кеңістіъгінде алғаш рет мұндай жұмыс толық ашық режімде жүргізілді. 

«Барлық отырыстар онлайн режімде трансляцияланды. Мұны қоғамды Конституциялық үдеріске тартудың жаңа моделі деп қабылдауға болады», - деп атап өтті ол. 

Комиссия төрайымы Конституция нормативтік құқықтық актілердің бүкіл жүйесі үшін бағыт беретін бағдар екенін еске салды: ол бағыт-бағдарды анықтайды, базалық қағидаттарды, адам мен азаматтың басты құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттілік және ұлттық мүдделердің негіздерін бекітеді. 

«Конституцияны шамадан тыс жүктеуге келмейді. Қалған мәселелерді Парламент пен мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен құқықтық актілер арқылы реттеу көзделген. 


#Конституция, #Конституционная реформа