Конституциялық реформа аясында сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқықтық кепілдіктер бұрынғы көлемде сақталады - депутат Никита Шаталов

Конституциялық реформа аясында сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстарға құқықтық кепілдіктер бұрынғы көлемде сақталады - депутат Никита Шаталов

Қазақстан Конституциясының 18 және 32-баптарына редакциялық нақтылаушы түзетулер енгізілетін болады, олар сөзбостандығы мен бейбіт жиналыс құқығының кепілдіктеріне әсер етпейді. Бұл туралы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Никита Шаталов Конституциялық комиссияның үшінші отырысында мәлімдеді.

Никита Шаталов атап өткендей, 18 және 32-баптарға енгізілетін түзетулер сөз бостандығымен бейбіт жиналыс құқығының конституциялық кепілдіктерінің мәнін өзгертпейді – олар бұрынғы көлемде сақталады.

«Тек бұрын Конституцияда көзделген шекаралар нақтылануда. Яғни, біз қазір қоғамиүшін өте маңызды осы нормаларды ресімдейміз. Жаңа тыйымдар туралы сөз жоқ, бұл тек қолданыстағы тепе-теңдікті дәлірек анықтау, қоғамда екіұдай түсінік пен қажетсіз алаңдаушылық тудырмау үшін», – деді депутат.


#Конституционная реформа