Конституциялық реформалар: Денсаулық сақтау саласын дамытудағы маңызды қадам

Конституциялық реформалар: Денсаулық сақтау саласын дамытудағы маңызды қадам

Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылып отырған өзгерістер елдің денсаулық сақтау жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары құндылық ретінде белгіленуі – азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алу құқығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам деп саналады. Бұл туралы Семей медицина университетінің ректоры Алтай Дүсіпов өз пікірінде атап өтті,-деп хабарлайды abaidan.kz ақпараттық агенттігі.

Ректордың сөзінше, Ата Заңда әділеттілік, заң үстемдігі және адамға бағдарланған мемлекет қағидаттарының бекітілуі тек пациент құқықтарын қорғауға ғана емес, сонымен бірге медицина қызметкерлерінің кәсіби және құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай құқықтық негіз денсаулық сақтау саласында сенім мен жауапкершіліктің артуына ықпал етеді.

Сондай-ақ, білім, ғылым және инновацияларды ел дамуының негізгі басымдығы ретінде қарастыру медициналық ғылым мен клиникалық зерттеулерді, биомедицина мен жасанды интеллектіні медицина саласына енгізуді жаңа деңгейге көтереді. Цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңа нормалар электронды медициналық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құқықтық базаны қалыптастырады.

Экология мен табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарының конституциялық деңгейде бекітілуі қоғамдық денсаулықты қорғауға, сондай-ақ экологиялық және радиациялық қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі түрде көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Ұсынылып отырған конституциялық реформалар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудың маңызды қадамы. Семей медицина университеті (@semeymedicaluniversity) оларды қолдайды және реформалардың сапалы медицинаға жол ашатынын атап көрсетеді.


#Здравоохранение, #Национальный Курултай, #Конституционная реформа