Семейде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған акция өтті

Семейде жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған акция өтті

Бүгін «Семей» футзал клубы Қазақстан чемпионатының 28-туры аясында оралдық «Бәйтерек» командасын қабылдады.

Тартысты кездесуді көпшілікпен бірге облыс әкімі Берік Уәли тамашалады. Атап өтерлігі, матч барысында облыс жастары жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған акция ұйымдастырды. Оған 5 мыңға жуық адам жиналды.

Матч алдында сөз сөйлеген Абай облысының әкімі Берік Уәли алдағы Конституциялық референдумның маңызына тоқталып, ел дамуы жолындағы құнды стратегиялық құжат екенін атап өтті.

Сондай - ақ «Семей» футзал клубының ел спортына қосып жүрген үлесі зор екенін айтты.

«Семей» мен «Бәйтерек» командалары арасындағы кездесу тартысты өтті. Жергілікті клуб 3:1 есебімен жеңіске жетті.


#Семей, #Аким области Абай, #Конституционная реформа