Шалқар Байбеков: Жаңа Конституция жобасы адам мен білімді басты құндылық ретінде айқындайды

Шалқар Байбеков: Жаңа Конституция жобасы адам мен білімді басты құндылық ретінде айқындайды

Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысы өтті. 

Жиында сөз алған Абай облыстық мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков  Жаңа Конституция жобасының еліміздің ұзақ мерзімді дамуына бағытталған маңызды құжат екенін атап өтті. Құжаттың өзегінде адам, оның білімі, денсаулығы және қоршаған ортасы мемлекеттің басты құндылықтары ретінде айқындалғанына назар аударды.

Шалқар Байбеков Абай өңірі үшін білім мен мәдениеттің, ағартушылықтың басым бағыт ретінде бекітілуінің ерекше маңызға ие екенін айтты. Ғылымның конституциялық деңгейде орнығуы жоғары оқу орындарының әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жастардың туған жерінде қалып, еңбек етуіне мүмкіндік береді.

Сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік мәселесіне ерекше тоқталып, өңір үшін қоршаған ортаны қорғау мен халықтың қолайлы өмір сүру ортасына құқығын Ата заң деңгейінде бекіту уақыт талабынан туындаған маңызды қадам екенін жеткізді.

  Облыстық мәслихат төрағасы  Конституция жобасының кең қоғамдық талқылау арқылы қалыптасқанын атап өтіп, бұл құжат елдің тұрақты дамуына берік негіз болатынына сенім білдірді.


#Абайская область, #депутат, #маслихат, #Конституционная реформа