«Таза Қазақстан» акциясынан Конституциялық нормаларға дейін: экология – әр азаматтың міндеті
Экология және қоршаған ортаның тазалығы – Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы ерекше назар аударып келе жатқан басым бағыттардың бірі. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы – тек бір реттік шара емес, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадам ретінде ұсынылды. Президент бұл бастаманы формалды емес, саналы әрі жауапты көзқараспен қолдауға шақырды.Бұл бағыттан Шәкәрім университеті де шет қалған жоқ. Университеттің білім беру, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік қызметінде экология, табиғатты қорғау және тұрақты даму мәселелері әрдайым маңызды орын алады,-дейді оқу орнының проректоры Асқар Қасымов.
«Біздің университеттегі әрбір студент, оқытушы және қызметкер экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосады. Табиғатты қорғау тек жеке таңдау емес, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершіліктің бір бөлшегі болуы тиіс»,-дейді ол.
Бүгінгі таңда табиғатқа ұқыпты қарау қажеттілігі жаңа, әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілуде. Бұл ұстанымды Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекіту ұсынылуда. Атап айтқанда, Конституцияның 34-бабына енгізілетін нормалар:
- Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғи байлыққа ұқыпты қарауға міндетті.
- Мемлекет адамның өмір сүруіне және денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етеді.
- Адам өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін фактілерді немесе мән-жайларды лауазымды тұлғалардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке алып келеді.
Бұл өзгерістер – тек құқықтық түзету емес. Олар қоғамның экологияға деген көзқарасының эволюциясын, азаматтық жауапкершіліктің жаңа деңгейін көрсетеді. Табиғатты қорғау енді моральдық міндет қана емес, әрбір азаматтың конституциялық борышы болып отыр,-дейді Асқар Қасымов.
Осы тұрғыдан алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер уақытында көтерілген және елдің ұзақ мерзімді дамуына қызмет ететін маңызды қадам болып табылады. Таза қоршаған орта – тек бүгінгі күннің ғана емес, келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.
#Конституция, #Национальный Курултай, #Акция" Таза Қазақстан", #Конституционная реформа