Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігі күшейтілді – Конституция жобасына жаңа нормалар енгізілді
Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның12-ші отырысы барысында ҚазақстанРеспубликасы Конституциялық Соты төрағасыныңорынбасары Бақыт Нұрмұханов келіп түскен ұсыныстардың қорытындылары негізінде жаңа Ата Заңжобасына енгізілген қосымшанормалар туралы хабарлады.Оның айтуынша, негізгі бағыттардыңбірі – тұрғын үйге қол сұғылмаушылық кепілдігін күшейту.Бақыт Нұрмұханов28-баптың 1-тармағында тек тұрғын үйден айыруға ғанаемес, соттыңшешімінсіз одан шығаруға дажол бермейтін толықтыру көзделгенін атап өтті.Тұрғын үйге басып кiруге, оны қарап-тексеруге, тiнтуге заңда белгіленген жағдайда және көзделген тәртiппен жол берiледi.
Талдау қорытындылары бойынша жаңа Конституцияның күшіне енужәне 1995жылғы Конституцияның қолданысын тоқтату мерзімдерін регламенттейтін нормалар қосымша көзделген. Жекелеген ережелер бірпалаталы Құрылтайға көшу және оның сайлауын өткізу мәселелерін реттейтін болады. Спикер нормалардың басқа бөлігі лауазымды тұлғаларды тағайындауға және жаңа мемлекеттік органдарды қалыптастыруға қатысты екенін атап өтті.
«Конституциялық Кеңес пен Конституциялық Соттың бұрын қабылданған нормативтік қаулылары Ата заңға қайшы келмейтін бөлігінде заңды күшін сақтайтынын атап өткім келеді», –деді Бақыт Нұрмұханов.
Соңында ол жоба мәтіндерінің пысықталғаны туралы хабарлады.Спикердің айтуынша, Конституция жобасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндері барынша жетілдірілген.
«Оларда терминологиялық және семантикалық бірізділік қамтамасыз етілген. Құқықтық нормалардың тұжырымдамалары қолжетімді және олардың мазмұны баршаға түсінікті етіп жазылған. Бұл бағытта заңгерлер менлингвист мамандардан құралған жұмыс топтарының үлкен жұмысын ерекше атап өткім келеді.Жаңа Конституцияның пысықталған жобасы Комиссиямен жұмыстоптарының отырыстарында жан-жақты талқыланып, қолдау тапты. Комиссия мүшелерінің азаматтармен және заң қоғамдастығы өкілдерімен өткізген кездесулерінде де оң пікірлер айтылды», - деп қорытындылады Бақыт Нұрмұханов.
#жилье, #Конституционная реформа