Жаңа Конституция – жаңа көзқарас, жаңа бетбұрыс

Жаңа Конституция – жаңа көзқарас, жаңа бетбұрыс

Жаңа Конституция жобасы – еліміздегі саяси-құқықтық жаңғырудың логикалық жалғасы. Конституциялық комиссияның әзірлеуімен ұсынылған бұл құжат тек құқықтық негіз қана емес, сонымен қатар Қазақстанның болашақ даму стратегиясын айқындайтын құндылықтық бағдар,-деп жазады әлеуметтік желідегі парақшасында PhD докторы, қауымдастырылған профессор, «Шәкәрім университеті» КеАҚ Жастарды әлеуметтік қолдау және дамыту орталығының басшысы, ҚХП, ҚӘКА, облыстық Аналар кеңесі, қалалық Қоғамдық кеңес мүшесіАрайлым Оразгалиева. 

Құжатты дайындау барысында азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілгені – мемлекеттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын институционалдық деңгейде бекітіп отырғанын көрсетеді. Бұл – қоғам мен биліктің өзара сенімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Преамбуланың толықтай жаңартылуы тарихи сабақтастықты, қазіргі даму бағытын және стратегиялық болашақ мақсаттарын нақты көрсетеді. Мұндай жаңарту Конституцияның тек құқықтық құжат емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтар мен қоғамның негізгі принциптерін қамтитын құжат екендігін айқындайды.

Жаңа Конституция жобасы – тек заңдық норма емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекет арасындағы диалогтың айнасы. Оның әрбір тармағы азаматтық белсенділікті ынталандыруға, мемлекеттік басқарудағы ашықтықты арттыруға және құқықтық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Осылайша, Конституцияның жаңа жобасы – Қазақстан үшін жаңа кезеңнің бастауы, қоғам мен мемлекеттің ортақ болашағын қалыптастыратын маңызды стратегиялық құжат.


#Национальный Курултай, #Конституционная реформа