Жаңа Конституцияға меншік нысандары туралы маңызды жаңашылдық ұсынылды
Мәжіліс депутаты, «Ақ жол»партиясы фракциясының жетекшісі АзатПеруашев ҚР жаңаКонституциясында меншік нысанын барынша нақтылап бекітуді ұсынды. Олөз ұсынысынКонституциялық реформа жөніндегікомиссияның оныншы отырысындаайтты. Азат Перуашев меншік институтыныңмәртебесі инвестициялық тартымдылық пенэкономиканың оң бизнес-ахуалыүшін маңыздырөл атқаратынын атап өтті.
Оның айтуынша, қолданыстағы Конституцияда меншіктің текекі түрі қарастырылған: мемлекеттік жәнежеке меншік. Сонымен бірге қазіргі экономистеркем дегенде меншікті 5-6 түріге бөледі.
«Финляндия, Литва, Латвия, Әзірбайжанжәне басқаелдердің конституцияларында мемлекеттік жәнежеке меншікпенқатар муниципалдықнысан көрсетілген. Қытай,Бразилия, Үндістан конституцияларында бұған ұжымдық немесе кооперативтікменшік қосылған. Кейбір елдердежария меншік,яғни жарияқор нарығында орын алатын компаниялардың меншігі ерекше көзге түседі. Бірқатар басқаелде экономикалықалуандылықты ынталандыру мақсатындаКонституциядағы меншік нысандарыныңтізбесі мүлде шектелмеген»,– деді ол.
Азат Перуашевтің пікірінше, нарықтыққатынастардың бүгінгі дамуы қосымша муниципалдық меншікті, ПМИКпен кондоминиумдардың,АШӨК менкәсіпкерлердің мүлкін анықтауқажеттілігін туғызады.
Ол сондай-ақ Мемлекет басшысыкооперативтерді ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін еңтиімді қызмет түрлерініңбірі ретінде белгілеген Президенттің қаңтардағы «Түркістан» газетіне берген сұхбатын еске салды.
«Бірақ кооператив бүгінде Азаматтықкодексте түсіндірілгендей жеке меншіктіңқарапайым жиынтығы ма? Пайшылардыңлатифундистермен, кредиттік серіктестіктердің қарыз алушылармен көпжылдық дауларыжәне басқа да мысалдар бұл мәселеқолданыстағы заңнамада толық пысықталмағанын көрсетеді», - деп атап өттідепутат.
Оның айтуынша, тура осылайша бірлескен меншіктіңбасқа түрлерітуралы да айтуғаболады, өйткені бүгіндебизнесте жеке кәсіпорындарғана емес, сонымен қатар мемлекет қатысатын жекеқұрылтайшылардың кәсіпорындары, АШӨК атынан шығатын муниципалды органдармен байланысқан бизнес және т.б. дамуда.
Азат Перуашев индустрия менкреативті экономиканың әртүрлі жаңанысандарының қарқынды өсуінескере отырып, уақыт өте келе цифрлық меншіктің жаңанысандарын анықтау қажеттілігітуындауы мүмкін екенінайтты.
«Осыған байланысты меншік мәселесіншешудегі негізгі қағидат деп нарықтық қатынастар, яғнибәсекелестік, монополияларға қарсы іс-қимыл өлшемшарттары, нақтылап айтқанда– әртүрлітәсілдерді таңдау мүмкіндігі екенін атап өту қажет деп санаймын»,– дедідепутат.
Осыған байланысты «Ақ жол»партиясы фракциясының жетекшісі жаңаКонституцияда меншік нысанын барынша нақтылау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Атап айтқанда, 8-баптың1-тармағынмынадай редакцияда жазуды ұсынды: «ҚазақстанРеспубликасында меншіктің барлықнысандары танылады, кепілдендіріледіжәне теңдәрежеде қорғалады».
«Бұл тек мемлекеттік жәнежеке меншіктіғана емес, экономиканы әртараптандыружәне ұлттың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ету мақсатында бизнестің, қоғамныңжәне мемлекеттіңресурстары мен мүмкіндіктерінэкономикалық айналымға кеңінентарту мүмкіндігінашатын және қорғаудыбілдіретін барлық басқа да ықтимал нысандарды қолдауды білдіреді», – деп атап өтті АзатПеруашев.
#партия "Ак жол", #реформа, #Конституционная реформа