Жаңа Конституцияның жобасында жеке өмірге және дербес деректерге қол сұғылмаушылыққа тікелей кепілдік беріледі – Артур Ластаев
Қазақстанның жаңа Конституциясыныңжобасы – бұл барлық келіп түскен пікірлермен ұсыныстардыескере отырып, ашық түрде дайындалған сапалы әрісараланған құжат. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституциялық комиссияның жетінші отырысында мәлімдеді.
Артур Ластаев жаңа Конституция жобасы ашық жарияланғанға дейін ұзақ және қажырлы жұмыс жүргізілгенін атап өтті.
«Бірнеше ай бойы белсендіталқылау. Жұмыс тобындада, біздің Комиссия отырыстарында да. Секцияларда да қызу пікірталастар болды, нақты дәлелдер келтіріліп, диспуттар өтті.Бірақ мақсатымыз ортақ болды – мемлекетімізді одан әрі дамытудың теңгерімді стратегиялық құжатын дайындау», -деді ол.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл отырыстардың онлайн форматта көрсетілгенін, осылайша, қазақстандық мемлекеттіліктің ең жоғары негізі жабық емес, кабинет ішінде емес, барынша ашық түрде әзірленін атап өтті.
«Комиссия салмақты және жан-жақты сараланған жобаныдайындау үшін қанша уақыт қажет болса, соншауақыт жұмсады деп санаймын», – деді Артур Ластаев.
Оның айтуынша, қазір Қазақстан қоғамы жауаптыкезеңге аяқ басып жатыр: алдағы уақытта ел өмірін айқындайтын құжат талқылануда.
«Ең бастысы – бұл кезеңде орынсыз қызбалыққа ұрынбау, жалған және бұрмаланған ақпарат таратпау керек. Дәлелді диалогтыжалғастырып, тарихи үдерістегі өз жауапкершілігімізді сезінуіміз қажет», - деді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.
Артур Ластаев Атазаң жобасындаадамның барлық құқықтарымен бостандықтарысақталғанын, ал кейбірмәселелерде – күшейтілгенін атап өтті.
«Преамбулада еліміздің тарихындаалғаш рет азаматтардың құқықтары менбостандықтарын мүлтіксіз сақтау қағидаты жарияланды. Енді бұлмемлекет қызметінің қағидаттарының біріне айналады. Оны енгізубарлық негізгі қоғамдық институттардың ДНҚ-сына адам құқықтарының басымдығын енгізеді. Мемлеке тпен оның азаматтарының құндылық бағдарларын белгілейді» - деді ол.
Артур Ластаевтың пікірінше, адам құқықтарына арналған бөлімнің атауын өзгертудің өзі олардың бастылығын анықтайды. Бұл ретте бөлім үш санатқа – құқықтар,бостандықтар мен міндеттерге негізделеді.
«Яғни қарапайым тілмен айтқанда: «Мен істей аламын»,«Мен таңдаймын», «Мен міндеттімін».Олар жекежәне қоғамдықмүдделер арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ететін рұқсат етілген, еркінжәне тиістімінез-құлық шегін анықтайды»,- деді Адам құқықтарыжөніндегі уәкіл.
Жеке бас бостандығына қатысты нормаларға түсініктеме бере отырып, ол жаңаКонституцияға сәйкес қамаудаұстауға шағымдану құқығын сақтай отырып, сот шешімі бойынша ғана жол берілетінін атап өтті. Бұл реттеқұқық субъектісіне,өзінің құқықтары менбостандықтарын заңды тәсілдермен, соның ішінде қажетті қорғаныспенқорғау құқығы жаңа редакциядасақталған.
Сонымен қатар жаңаКонституцияның жобасында жекеөмірге және дербесдеректерге қол сұғылмаушылыққа тікелей кепілдік беріледі, бұл қарқындыцифрландыру жағдайында үлкенмаңызға ие.
Артур Ластаев сондай-ақ ар-ождан менқозғалыс бостандығына, еңбекке, тұрғын үйге, меншіккежәне денсаулықты қорғауға құқық үнемі қорғалалатынын атап өтті.
Адам құқықтары жөніндегіуәкіл мемлекеттіңзайырлы сипатын сақтаудытолық қолдады.Оның айтуынша,Қазақстан бір дінді екіншісінен жоғары қоймайды, атеистерге де, діндарларғада қысым көрсетуге жол бермейді, ар-ожданның толық еркіндігінқамтамасыз етеді.
«Зайырлы сипат елдің институционалдықтепе-теңдігін нығайтады жәнетеологиялық ілімдер бойынша әйелдер менбалалар құқықтарыныңбұзылмауын қамтамасыз етеді. Бұләсіресе қалыңдықты алып қашумен күресу жәнеоларды діни рәсімдербойынша некеге мәжбүрлеутұрғысынан қарағанда аса өзекті. Сондықтан бізКонституцияда ескішілдік сарқыншақтарын жоятын жаңа норманытолығымен қолдаймыз. Некенітек мемлекеттіркеуі керек. Некедегіерлер менәйелдер тең құқықты», –деді АртурЛастаев.
Қорытындылай келе, ол Комиссия халықаралық стандарттарды, Қазақстанның ерекшеліктерін және одан әрі мемлекеттік құрылыстың прогрессивті идеяларын ескеретін сапалы және жан-жақты сараланған құжат дайындағанын айтты.
#Право человека, #Конституционная реформа