Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа аудандар құрылды

Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа аудандар құрылды

Мемлекет басшысының жаңа Жарлығына сәйкес шығыста жаңа 4 аудан құрылды.

Шығыс Қазақстан облысының құрамында:

Қатонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданы;

Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында орналасатын Марқакөл ауданы құрылады.

Абай облысының құрамында:

Үржар ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Мақаншы ауылында орналасатын Мақаншы ауданы;

Семей қаласының құрамынан Абыралы, Айнабұлақ, Ақбұлақ, Алғабас, Ертіс, Новобаженово, Озерка, Приречный, Жиенәлі, Достық, Қараөлең, Көкентау ауылдық округтері мен Шүлбі, Шаған кенттерін бөлу жолымен әкімшілік орталығы Семей қаласының аумағында орналасатын Жаңасемей ауданы құрылады.

Аталған Жарлық 2024 жылдың 1 қаңтары күні күшіне енеді.


#право, #Президент РК